«Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциялары аясында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог-ағартушылары №188 мектеп гимназиясының ұстаздары мен оқушылары бірлесе отырып «Біз жас туристерміз» атты экологиялық іс-шара өткізді. Акция барысында Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог-ағартушылары С.Абилова, П.Сайлаукенова, оқушыларға парк аумағында орналасқан Аюсай визит орталығына, туристік соқпақтарға экскурсия өткізіп, өлкенің флорасы мен фаунасы жайында таныстыру жұмыстарын жүргізді. «Эко әлем» ұйымының ұстаздары да мектептің экологиялық ағартуда жасалып жатқан жұмыстарымен танысытырып өтті. «Парктер шеруі» табиғатты қорғау акциясына оқушылардың белсене қатысытатындарын және табиғат қорғауда өткізіліп жатқан акциялар өте қызықты және пайдалы деген ойымен бөлісті. Мақсаты: Өскелең ұрпақты қоршаған ортаны қорғауға, еліміздің табиғи байлықтарымен жақынырақ таныстыру, экологиялық тәрбие беру.