Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 13 қарашадағы нұсқауы негізінде және 2024 жылғы 6 желтоқсандағы Үлкен Алматы көліне (БАО) заңсыз жол жүру мәселелері жөніндегі Кеңесте қабылданған хаттамалық тапсырмаларды орындау шеңберінде «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» 2024 жылғы 15 желтоқсанда «ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ бақылау-өткізу пунктінде рейд-кеңестерді ұйымдастырды.
Кездесуде “Іле-Алатауы МҰТП РММ” үйлестіру кеңесі төрағасы Мұхтар Болатханұлы Тайжан, Қоғам белсенділері Салимова Вагида, Винокуров Вадим Олегович қатысуымен «Алматы – Космостанция» автожолында қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Бақылау өткізу пунктін (БӨП) жоғарғы аймаққа орналастырып интернет желісімен қамтамасыз ету,БӨП-да бақылауды ұйымдастыру, сондай-ақ БАО аумағында заңсыз жол жүруді және бұзушылықтарды болдырмау бойынша бірлескен шараларды әзірлеу жұмыстары жүргізілді.