Бағыт-бағдар объектілерін орнатып, туристік маршруттар құру бойынша талқылау өтті

Бағыт-бағдар объектілерін орната отырып, жаңа тау маршруттарын құруға арналған маңызды талқылау өтті. Кездесу Алматы қаласы туризм басқармасы өкілдерінің және Бас директордың орынбасары А.Ә. Шантаевтың қатысуымен өтті.
Таулы аймақтарда туризмді дамытудың әртүрлі аспектілері мен перспективалары қарастырылды.

Жаңа маршруттарды құрудың негізгі мақсаттары:

1. Туристік инфрақұрылымды дамыту және жаңа маршруттарда бағыт-бағдар объектілерін орнату таулы аймақтарда саяхаттауды қауіпсіз етуге көмектеседі.
2. Бағыт-бағдар орнату туристтердің адасып кету қаупін азайтады.
3. Жаңа маршруттарды дамыту және саяхат жағдайларын жақсарту ұлттық парк аумағына келушілердің санын артуына ықпал етеді.
4. Экологиялық тұрақтылық-табиғатты қорғау ережелерін ескере отырып, маршруттарды ұйымдастыру таулы аймақтардың бірегей экожүйелерін сақтауға көмектеседі.