Аюсай шатқалында мобильдік байланыс орнатылды📡

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Аюсай визит-орталығында туристер үшін қолайлы жағдай жасау, туристік инфрақұрылымды дамыту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Баршамызға мәлім соңғы 4-5 жыл аралығында Аюсай шатқалында мобильдік байланыс мүлдем болмаған.
Атап айтқанда, жеке инвестицияларды тарту арқылы Beeline (4G) және Kcell (5G) мобильдік байланыс операторларының базалық станциясы орнатылып, мобильді байланыс пен интернет келушілерге қол жетімді болды.
Жүзеге асырылған жоба туристердің қауіпсіздігін арттыруға және демалушыларға заманауи қызмет көрсетуге мүмкіндік берілді. Қазіргі уақытта орнатылған желілер тестілеу кезеңінен өтуде.