Іле-Алатауы МҰТП Турген филиалы аумағында орналасқан «Аюлы сарқырамасы» туристік соқпақ жолы ағымдағы жылдың 12.06.2024ж. куні жауын-шашынның қарқынды түсуіне байланысты, бірнеше жерден шайылған болатын. Алайда, ағымдағы жылдың 18 маусым күні Тургенсай Визит орталығы басшылығының қолдауымен және Түрген орманшылығы туризм шеберлері туристік соқпақ жолдарын тастардан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Қазіргі таңда, туристер мен демалушыларға «Аюлы сарқырамасы» туристік сокпак жолы ашық екенін хабарлаймыз.