«Алматы БАЛАFEST» фестивалі

«Парктер шеруі-2024» Іле-Алатауы МҰТП мектеп орманшылығы оқушыларының №188 мектеп-гимназиясы, «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» мен бірлескен аудандық «Алматы БАЛАFEST» фестивалі, «Жасыл Алматы» Экологиялық және қоршаған орта тақырыбында аудандық байқау өткізілді. Байқауға аудан мектептерінің 1-11 сынып оқушылары қатысты. Байқау жеңімпаздарына аудандық білім бөлімінің мадақтамаларымен және Іле–Алатауы МҰТП атынан энциклопедиялар мен блокноттар сыйға тартылды. Бүгінгі байқауда талант иелері бірнеше номинация бойынша бақ сынады. Атап айтқанда: 1-4 сынып оқушылары «Қиял әлемі»; 5-8 сынып оқушылары «GREEN OASES» (макет); (9-11 сыныптар) «Эко-қала» номинациясы – менің арманымдағы қала – Алматы». Осы бөлімдер бойынша байқауға аудан мектептерінің оқушылары қатынасып өз бақтарын сынады, жеңімпаз атанған оқушылар байқаудың қалалық кезеңіне қатысады. Қалаға шыққан аудан жеңімпаздарына сәттілік тілейміз!
Мақсаты: Байқаудың мақсаты: оқушылардың өмірлік белсенділігін және азаматтық ұстанымын қалыптастыру, патриоттық санасы тәрбиелеу, зерттеушілік қабілеттері мен ғылыми ойларын дамыту, дарында балаларды анықтау.