Іле–Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог-ағартушылары орталық мекемеде орналасқан «Алатаудың тылсым әлемі» атты визит орталығында №188 мектеп гимназиясының оқушыларымен, қызыл кітапқа енген жануарлар мен құстар жайлы дәріс сабақ өткізіп, экскурсия жүргізді. Оқушылар ұлттық парк жайлы пайдалы ақпараттарды біліп қоймай, табиғатты қорғауды, қоршаған ортаға құрметпен қарауды үйреніп, пайдалы мәліметтер алып, сұрақтар қойып өз ойларымен бөлісіп жатты.