Алатау бөктерінде өсетін үш гүлдің айырмашылығы.

Алатау бөктерінде өсетін бұл үш гүлге ортақ не нәрсе?
Біріншіден, үшеуі де — ҚР Қызыл кітабына енген түр. Әрі үшеуі де ерте көктемде, ақпан-наурыз айларында шығады. Десе де, үшеуі үш түрлі тұқымдасқа: Кесселриң лапызы — лапыздар тұқымдасына, Регел жауқазыны — лалагүлдер тұқымдасына, Алатау бәйшешегі — құртқашаштар тұқымдасына жатады.
Бұларды бір қарап қалай ажыратамыз?
Кесселриң лапызы мен Алатау бәйшешегін ал деп қарағанда бір түр деп қаласыз. Ал үңіле көз жүгіртсеңіз, лапыздың жапырақ саны аздау әрі жалпақ келген. Бәйшешектің жапырақ саны көп әрі жіңішке. Ол аз десеңіз, гүлдің ортасындағы сап-сары аталықтарын санап шығыңыз. Алатау бәйшешегінде аталық саны — 3, ал лапызда — 6. Аталығы қайсы десеңіз, слайдтың соңын ашыңыз. Ал ортада тұрған Регел жауқазынын ирек-ирек жапырағына қарап-ақ оңай ажыратасыз.