2025 жылғы 6 ақпанда Әзербайжан Республикасы делегациясының Қазақстанның қалдықтарды басқару тәжірибесін зерделеу мақсатында ұйымдастырылған сапары аясында Аюсай Визит-орталығында жұмыс кездесуі өтті.
Қонақтар Аюсай Визит-орталығына барып, парктің қызметімен және жүзеге асырылып жатқан экологиялық бастамалармен танысты. Визит-орталықтың конференц-залында қалдықтарды басқару және тұрақты табиғатты пайдалану мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында қатысушылар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін қарастырып, тәжірибе алмасты және экология саласындағы ықтимал бірлескен бастамаларды талқылады.