25 қазан – Республика күні!

Құрметті достар!

Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке еліміздің тәуелсіздігі мен бірлігінің маңыздылығын еске салады. Біз Қазақстанның табиғи байлығын, соның ішінде Іле-Алатауы ұлттық паркінің табиғатын сақтай отырып, Отанымыздың игілігі үшін еңбек етіп жатқанымызды мақтан тұтамыз.
Баршаңызға зор денсаулық, табыс және жаңа жетістіктер тілеймін! Біздің еңбегіміз Отанымыздың гүлденуіне септігін тигізсін.

Құрметпен,
Айбек Сапарбекұлы Қонақбаев,
РММ «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі»
Бас директоры