2024 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы
22 ақпанындағы №228 қаулысымен құрылған Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 28 жыл толды. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ұлттық табиғи парк – республикалық маңызы бар мекеме.
Ұлттық паркті құрудың мақсаты – бірегей ландшафттарды, өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау, демалыс пен туризм үшін жағдайларды жақсарту, рекреациялық пайдалану жағдайында табиғи кешендерді сақтаудың ғылыми әдістерін әзірлеу және енгізу болып табылады.
Қыстың қақаған аязы мен бұрқаған боранында, жаздың аптап ыстығында табиғаттың осынау керемет сыйын көздің қарашығындай қорғап, алқапты табиғи және адам қолымен жасалатын апаттардан аман сақтау оңай шаруа емес. Осыған орай ұлттық парк қызметкерлерін, Ақсай филиалының ұжымы, №188 мектеп гимназиясының эко ұйымының оқушыларымен бірлесе мерекелік іс-шара өткізді. Іс-шарада, оқушылардың ән-шашуларын тамашалап, құттықтау сөздер айтылды. Әріптестерімізге табысты еңбек және қажырлықпен атқарып жүрген жұмыстарына жақсы нәтиже, дендеріне саулық, бақыт, отбасыларына береке тілейміз!