2024 жылғы көктемгі орман екпе көшеттерін отырғызу жұмыстары

Биылғы жылы көктемгі орман екпе көшеттерін отырғызу «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи парк» РММ-сі бойынша 47 га жер көлемінде жоспарланған: оның ішінде 23 га – Шренк шыршасы, 15,5 га – Сиверс алмасы, 8,5 га – кәдімгі өрік.
Сонымен қатар, екпе көшеттерді толықтыру жұмыстары – 94,7 га жер көлемінде жоспарланған. Қазіргі таңда аталған орман қорын молықтыру жұмыстары толығымен аяқталып, 220 324 дана екпе көшеттер отырғызылды.