Іле-Алатауы МҰТП-ның ғылыми-зерттеу бөлімінің ұжымы үшін 2024 жыл нәтижелі жыл болды. Біз:
🔬 Халықаралық деңгейде мойындалған сертификаттарға ие болдық;
📚 Мамандарымыз жазған 8 шақты мақала беделді халықаралық жинақтарға жарияланды;
👩🏻🏫 Бөлім басшысы Усербаева Салтанат Амантайқызы Анкара университетінде өтетін симпозиумға арнайы шақырту алды. Усербаева Салтанаттың ғылыми мақаласы Түркияда, түрік тілінде жарияланды. Баяндама тақырыбы — “ҚР аумағындағы ЕҚТА-ны анықтау және дамыту жолдарын зерттеу”;
🌱 Таулы аймақтың агробиоәртүрлілігін зерттеу бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткіздік. Атап айтқанда, сүтқоректілер мен өсімдіктер дүниесін зерттеуге бағытталған далалық жұмыстар нәтижесінде бірнеше зерттеу алаңшалары құрылды.
Бұл жетістіктер – табиғатты қорғау мен зерттеудегі қажырлы еңбегіміздің дәлелі. Бізге қолдау білдірген баршаңызға алғысымыз шексіз! 🌍