2024 жылдың тамыз айында Ұлттық парктің Медеу филиалының инспекторлары Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен, Алматы қаласының Табиғат қорғау полициясымен бірлесіп, өрт қауіпті кезеңге байланысты ұлттық парктің келушілерімен және туристерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Болу ережелері, қатаң бөлінген жерлерде от жағу және т. б. түсіндірілді.
Ұлттық парк белгіленген орындардан тыс жерде от жағу үшін 100 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылатынын хабарлайды.