11 желтоқсан – Халықаралық Тау күні. Бұл атаулы күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші сессиясының шешімі бойынша атап өтіліп келеді. Бұл атаулы күннің мақсаты – таулы аймақтардың тұрақты дамуын насихаттау. Жер шарының шамамен төрттен бірін алып жатқан таулар адамдардың 10 пайызға жуығының баспанасы. Оған қоса, таулар – өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін көптеген түрлері үшін қорық, жердегі негізгі өзендердің қайнар көзі. Осыған орай Іле-Алатауы МҰТП, Түрген филиалының эколог-ағартушысы Ж.Ниеталиева «Іле-Алатауының таулары» тақырыбына А.Жексенбеков атындағы мектеп орманшылығының оқушыларына дәріс-сабақ жүргізді. Оқушыларға таулар, таулардың пайда болуы, таулардың айырмашылықтарын ажырата алуға, таулардың биіктігіне қарай бөлінуі туралы мағлұмат беріліп, картамен жұмыс жасап, таулардың суреттерін салды.