Соңғы жылдары ұлттық парктің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. 2 дана JAC S5 қызметтік автомобильдері, 2 дана JAC JS6 автомобильдері, JAC T6 маркалы автомобиль (пикап) 1 данасы, JAC sunray маркалы шағын автобус, JAC N 200 маркалы қоқыс жинайтын арнайы жүк көлігі 1 данасы, 4 дана МТЗ тракторы, өртті сөндіру үшін су тасығыш сатып алынды көлемі 3 текше метр, 2 дана дискілі тырмалар сатып алынды.
Сондай-ақ, бүгін Ұлттық парк аумағын патрульдеу үшін Талғар және Медеу филиалдарына Mitsubishi L200 екі жаңа пикаптың кілттері табысталды.