Ұлттық парктің тарихы
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің тарихы 1931 жылдан басталады, сол жылы Iле-Алатауында Алматы мемлекеттiк қорығы құрылды.
Іле-Алатау ұлттық паркін құруға бастама жасағандар белгілі қазақ ғалымдары – ботаниктер, зоологтар және топырақ зерттеушілер, оның ішінде Қазақ КСР ҒА академиктері Б. А. Быков, Е. В. Гвоздев және И. О. Байтулин болды.
Олар Шренк шыршасы, «қызылкітаптық» - Сиверс алмасы мен өрік басым өсетін орманның бірегей экожүйесін сақтау қажеттілігін өте жақсы түсінді. Көбейе түскен туристер мен демалушылар тасқыны жағдайында бірінші кезектегі міндет алуан түрлібиологиялық барлық элементтері бар басқа табиғи кешендерді, мұздықтарды, Алматыны және басқа да көптеген елді мекендерді сумен қамтамасыз ететін көлдер мен тау өзендерін сақтау болды.
1931
ҚҰРУПаркті құру
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің тарихы 1931 жылдан басталады, сол жылы Iле-Алатауында Алматы мемлекеттiк қорығы құрылды.
1935
АУДАННЫҢ АТАУЫН ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ АУМАҒЫН ҰЛҒАЙТУАумақты кеңейту
Бастапқыда ол Кіші Алматы өзенінің алқабында 15 мың га аумақты алып жатты. Ал 1935 жылы 40 мың га дейін, содан кейін 856,7 мың га дейінгі көлемде ұлғайып, ол Алматы деп атала бастады. Ол Іле-Алатауының бүкіл жотасын қамтыды. Осы аумақта өсімдіктер дүниесі, ормандардың түрі, құстар мен сүтқоректілер бойынша тұрақты ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады.
1996
ҚАЙТА ҚҰРУҮкімет Қаулысы
Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 22 ақпандағы қаулысымен құрылды.
2002
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК МҰРА ТІЗІМІПарктің мәртебесі
2002 жылы Іле-Алатау МҰТП Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізуге үміткерлер қатарына кірді.