Ақсай сайында көзге түскен үнді жайрасы

Алғаш рет Ақсай сайынан ҚР Қызыл кітабына енетін үнді жайрасы ұялы телефонға таспаланды. Әдетте бұл ірі кеміргіштің тіршілігі қыста баяулайды, десек те, түн қараңғысында азық іздеп шатқалдың автокөлік жолында жүрген жайы бар. Видеоны Ақсай филиалының мемлекеттік инспекторы Қаирқұлов Мақсат 16 ақпан күні, түнгі реидте жүріп, жол үстінде түсірген. Бұған дейін жайраның Қаскелең шатқалы, Қарағайлы шатқалы, Үлкен Алматы шатқалы мен Ұлттық парктің қорғау аймағында түсірілген видео-фото материалдарына енді Ақсай шатқалында түсірілген видео қосылды. Үнді жайрасына мониторинг жүргізу жұмыстары жалғасып жатыр. Сіздерден сұрайтынымыз, тау шатқалында көлік айдап жүргенде, жылдамдық асырмаңыздар. Себебі шатқалдарда бірқатар жабайы аң мекендейтіндіктен, кейде қашып үлгермей, дөңгелек астына түсіп қалатын жағдайлар болады.

Іле-Алатауы МҰТП ғылыми қызметкері
Тұңғыш Мойынбайұлы Жапарқұлов