№169 мектеп-лицейінің оқушылары мен ұстаздары, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог-ағартушылары, ШЖҚ «Оқушылар сарайы» КММ экология-биология бөлімінің қосымша білім беру маманымен бірлескен «Жаратылыстану әлемді бейнелейтін нақты ғылым» жаратылыстану пәндер бірлестігі онкүндігінде іс-шара өткізді. Іс-шара барысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында мектеп оқушылары мен ұстаздары, ұлттық парк қызметкерлерімен бірлесіп арнайы контейнерлерге «Сиверс алмасы» тұқымын себу жұмыстарын жүргізді.