Арша ементұмсығы

Іле Алатауы МҰТП-ның биік тау белдеулерінде шырша орманының жоғары жағы — жатаған арша шіліктерінен тұрады. Жалпы орман орналастыру құжатының материалдарында көрсетілгендей, жатаған арша Ұлттық парк аумағының 13 000 га құрайды. Арша арасынан құстың алуан түрін, яғни таудың биік белдемінде мекен етуге бейімделген түрлерін тамашалауға болады. Таудың биік жерінен арша қалың өскен алқаптан «кэк-кэке» немесе «че-гага» дегендей жағымсыз, күшті алыстан естілетін құс дауыстарын естіген боларсыздар. Тянь-Шань тауларында мекен ететін отырықшы құс — Арша ементұмсығы (Mycerobas carnipes, Арчовый дубанос). Түр-сымбаты, мөлшері қараторғайдай, дене бітімі тығыз, жатыңқы құйрығы біршама ұзын. Көзге бірден түсетін жері —массивті әрі конус тәрізді қара түсті тұмсығы. Көбею кезінде жұбымен, ал күз бен қыста 15-20 дарақтан топ құрайды. Жерде секіріп қозғалады, ұшуы жылдам. (Қазақстан құстары далалық анықтағышы аударған – Б. Есжанов, Қ. Мұсабеков «АСБК» Алматы 2024ж). Жаз мезгілінде т.д. 2500 м жоғары жақтан байқалса, қазіргі уақытта аралас жапырақты орман белдемінде кездеседі. Тіпті Алматы қаласының тауға жақын тұрғын үйлер маңайынан да байқауға болады. Биік тау экожүйесінің көрсеткіші — арша ементұмсығының фото-видео түсірілімін назарға ұсынамыз