«Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-сі орман шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, жануарлар дүниесі және мемлекеттік қызмет көрсету мен орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесін цифрлау, құқықтық қамтамасыз ету бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстарының есебін Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына тапсырды.
Жылдық есеп нысандары түсіндірме жазбасымен толықтырылып, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне тапсыруға дайындалуда.
2025 жылға медиа жоспар, ұлттық парк бөлімдерінің 2025 жылға жұмыс жоспарлары, жемқорлыққа қарсы іс-шаралары келісіліп бекітілді.