«Алматы облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының № 01-24-07/61-И 23.01.2025 жылғы хатын негізге ала отырып, 27.01.2025 жылдан бастап 31.03.2025 ж. қысқы кезеңдегі қар көшкін түсуі және төтенше жағдайлар алдын-алу мақсатында БӨБ (бақылау өткізу бекеті)- нен демалушылар мен туристердің өтуіне байланысты, ұлттық парктің барлық келушілеріне Есік көліне өтуге тыйым салынады.
Ұлттық парк, Түрген орманшылығының бақылау – өткізу бекетінен «Түрген – Обсерватория» жолынан ұлттық парктің келушілерімен демалушыларына және жаяу, женіл, жүк, жолаушы көліктеріне өтуіне таңғы сағат 10:00 ден кешкі сағат 17:00 ге дейін өтуге рұқсат. Кешкі сағат 18: 00 ден таңғы сағат 10:00 ге дейін өтіуге тыйым салынады.
Жоспарланған саяхаттарынызды көрсетілген ақпартқа сәйкес жүзеге асыруынызды сұраймыз.