Таза Қазақстан Республикалық экологиялық акциясы аясында ормандарды молықтыруды таныстыру және табиғатты қорғауды насихаттау мақсатында орта білім беру мектеп оқушыларын тарта отырып, орман көшеттерін өсірудің барлық сатыларын тәжірибе жүзінде көрсету мақсатында, мектеп оқушылары мен студенттердің қатысуымен өткен іс-шарадағы «Алатау» телеарнасына экологиялық ағарту және туризм бөлімінің эколог-ағартушы маманы сұхбат берді.
Іле-Алатауы МҰТП орталық мекемесінде орналасқан «Алатаудың тылсым әлемі» атты визит орталығында 2024 жылдың 24 желтоқсанында, №188 мектеп гимназиясының оқушыларымен Қызыл кітапқа енген Сиверс алмасын ұлттық парк мамандарымен тұқымынан себу «Таза Қазақстан» экологиялық табиғат қорғау акциясы өткізілді. Өткізілген іс-шарада 300 дана тұқым себілді. Осындай акция Алматы қаласы, Алматы облысы Еңбекші қазақ, Талғар аудандарының мектептерінде, Агробизнес және менеджмент колледжі, А.Жексенбеков, Д.Қонаев, А.Ломоносов, Қ.Орынбетов, Таутүрген негізгі орта мектебі, 187 МГ, 145 МГ,186 ЖББ, Ю.Гагарин атындағы мектеп орманшылығының оқушыларымен ағымдағы жылдың 13,14,15 қаңтарында «Туран ТВ», «Алатау» теле арналарының қатысуымен Сиверс алмасының 1700 дана тұқымы себілді. Кәзіргі таңда жалпы 2000 дана тұқым себілді. Акцияға ұлттық парктің экологиялық- ағарту және туризм бөлімінің мамандары, орман инспекторлары, мектеп оқушылары, студенттер қатысты. Акцияға қатысушылар саны 1100 адам. Тұқым отырғызу акцияларында мамыр айына дейін 10 000 мың дана тұқымды себу жоспарлануда.