Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Талғар филиалының инспекторлары Алматы мемлекеттік табиғи қорығымен бірлесе отырып, қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесуден және бүлінуден қорғау мақсатында арнайы рейдтік іс-шаралар ұйымдастырды.Аталған шара аясында табиғатты қорғау қызметкерлері орман алқаптарын тексеріп, заңсыз ағаш кесу әрекеттерінің алдын алу және орман қорын сақтау бойынша жұмыстар жүргізді.