Халықаралық Тау күні.

11 желтоқсан – Халықаралық Тау күні. Бұл атаулы күн БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші сессиясының шешімі бойынша атап өтіліп келеді. Бұл атаулы күннің мақсаты – таулы аймақтардың тұрақты дамуын насихаттау. Оған қоса, таулар – өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін көптеген түрлері үшін қорық, жердегі негізгі өзендердің қайнар көзі. Осыған орай Іле-Алатауы МҰТП ғылыми зерттеу бөлімінің маманы Т.Жапарқұлов, эколог-ағартушы С.Абилова, Медеу филиалының эколог-ағартушысы Р.Амирдинов және оқушылар сарайының экология-биология бөлімінің қызметкерлері, №178 мамандандырылған лицей ұстаздарымен «Халықаралық-тау күні» іс-шарасын өткізді. Оқушыларға таулар, таулардың пайда болуы, таулардың айырмашылықтарын ажырата алуға, таулардың биіктігіне қарай бөлінуі туралы мағлұмат берілді. Қатысушылар квест ойындарға қатысып, таулардың суреттерін салып, сурет көрмесін ұйымдастырды.