Үлкен Алматы көліне (БАО) заңсыз жол жүру мәселесін талқылау бойынша кеңес өтті.

06.12.2024 жылы ZOOM платформасы арқылы Алматы қаласы мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы прокурорының орынбасары төрағалығымен Үлкен Алматы көліне (БАО) заңсыз жол жүру мәселесін талқылау бойынша кеңес өтті. Кеңеске: Іле – Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Алмарасан шекара бөлімшесі, Алматы қаласы полиция департаменті, Тянь-Шань астрономиялық обсерваториясы, «ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ Алматы облыстық филиалы, Қазгидромет РМК, Алматы қаласы құтқару қызметінің авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, «Альпийская роза»ЖШС, «АЛЭС» АҚ, Бостандық ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ қатысты.