Экологиялық жоба

146 мектеп-лицейінің 4- сынып оқушысы Наурызбек Алисұлтан Асланұлы Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің биологиялық әртүрлілігі мен экожүйесін зерттеу, экологиялық туризмнің дамуы мен табиғатты қорғау шараларын талдау атты экологиялық жобаға қатысты. Жоба аясында парктің экологиялық жағдайын бағалау және оның табиғатты сақтаудағы рөлі анықталады. Жобаның міндеттеріне мыналар жатады:
* Парк аумағындағы флора мен фаунаның негізгі түрлерін зерттеу;
* Табиғатты қорғау шараларының тиімділігін бағалау;
* Экологиялық туризмнің экожүйеге әсерін анықтау;
* Парк аумағындағы туризмді тұрақты дамыту жолдарын ұсыну.