Парк мамандары “Qazaqstan” ұлттық телеарнаның “Күтпеген құбылыс” атты жобасында

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырмасына сәйкес, климаттың өзгеруіне бейімделу және экологиялық мәселелерді шешу жұмыстарының аясында ҒЗЖ және ТАБӘ бөлімінің басшысы Усербаева С.А. мен Ақсай филиалының директор орынбасары Дәуренбаев Ш.А. “Qazaqstan” ұлттық телеарнасының “Күтпеген құбылыс” атты арнайы жобасына қатысты. Мамандар климаттың өзгеруіне қатысты, сондай-ақ жаһандық жылы ауа температурасының өсімдіктер мен ағаштарға, орман шаруашылығына тигізіп жатқан әсеріне қатысты сұхбат берді. Сұхбат барысында мамандар ағаштар арасында түрлі аурулар мен зиянкестердің таралуы байқалып отырғанын, бұл жағдайдың климаттық өзгерістер мен экологиялық ахуалдың нашарлауынан туындағанын айтты. Олар аурумен күресу үшін зақымдалған ағаштарды биопрепараттармен дәрілеу, зиянкестермен күресу шараларын қолға алғандарын мәлімдеді.