Жасыл шыршаны қорғайық

«Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-сі ағымдағы жылғы жаңа жыл алдындағы қылқан жапырақты жас талдарды қорғау мақсатында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2024 жылдың 21 қарашасындағы No27-03/331-Н/Қ бұйрығын негізге ала отырып, 22.11.2024 жылы No160-н/қ бұйрығын шығарды. Аталған бұйрық негізінде ұлттық парк бойынша 10 бақылап өткізу бекеттерінде кезекшілік кестелері жасалып, бекітілді. Желтоқсанның 1–нен бастап орман қорғау мемлекеттік инспекторлары кезекшіліктер атқаруда. Сонымен қатар, барлық орманшылықтар аймағында жедел топ инспекторлары түнгі рейдтік жұмыстарын қолға алды.