Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің өкілдері 2024 жылдың 28-30 қараша күндері Алматы қаласында өткен «Turan Doc Film. Экспедиция — өмір салты» атты деректі фильмдер фестивалінің ашылуына қатысты.Фестиваль Turan университетінің, Қазақстан мен Ресейдің қоғамдық географиялық ұйымдары – «Qazaq Geography» және «Орыс географиялық қоғамының» ұйымдастыруымен өтті. Фестивальдің бас ақпараттық серіктесі – танымдық «Туран ТВ» телеарнасы.
Фестиваль «Алтай тауларының қожайыны» фильмінің көрсетілімімен ашылды. Бұл туынды қар барысы отбасындағы драма туралы баяндап, ерекше әсер қалдырды. Тақырып Қазақстан үшін өте өзекті, себебі қар барысы – Алматының символы. Ел аумағында «Qazaq Geography» ұйымы мен «Туран» телеарнасымен бірлескен қызық жобалар жоспарлануда.
Фильм көрсетілімінен кейін Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінің бас директорының орынбасары Шантаев А.А. және ҒЗЖ және ТАБӘ бөлімінің басшысы Үсербаева С.А. ұлттық парк аумағындағы қар барыстарын зерттеу тәжірибесін бөлісті.