Орталық Азиядағы туризмнің орнықты дамуы

2024 жылғы 22 қарашада Іле-Алатауы ұлттық паркінде «Орталық Азиядағы туризмнің орнықты дамуы: сын-тегеуріндер, мүмкіндіктер мен перспективалар» атты 2 – ші халықаралық форум аясында «туристік дестинациялардың орнықты дамуы», «орнықты туризмнің әлеуметтік және мәдени аспектілері»тақырыптарында шеберлік сыныптары өтті.
Шеберлік сабақтарына шетелдік сарапшылар Тони Тсе – Гонконг политехникалық университетінің (Гонконг) қонақ үй және туристік менеджмент мектебінің практика профессоры және Бағдарлама директоры, Мирослав Мика – проф., Ягеллон университетінің география және кеңістіктік басқару институтының туризм және санаторий-курорттық менеджмент бөлімінің басшысы (Польша), Дэвид Денес Лорант – профессор, Джон фон Нейман университеті (Будапешт, Венгрия) және т. б.
Іс-шараны география және табиғатты пайдалану факультеті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ рекреациялық география және туризм кафедрасы ұйымдастырды.