«Экоәлем» ұйымы және көркем еңбек пән мұғалімдері, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог-ағартушыларымен «Жас экологтар» атты көрме ұйымдастырды. Балалар табиғат туралы салған суреттерін қорғады және экологиялық таза өнімдерден жасаған қолөнерлерімен таныстырды. Көрменің мақсаты: Балалардың табиғатқа деген жанашырлығын дамыту, табиғатты қорғау, аялау, шығармашылық ойларын қалыптастыру. Эколог-ағартушылар балаларға экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында қызықты мәліметтермен таныстырды.