2024 жылғы 29 тамызда Гелиос ЖҚС желісі «Іле-Алатауы» ұлттық паркімен бірлесіп ауқымды қайырымдылық акциясының басталғанын жариялады, оның шеңберінде ЖҚС жанындағы шағын маркеттерде «Яркий COFFEE» сатып алып, ел тұрғындары автоматты түрде оның қатысушысы болды.
Сатылған әрбір «Яркий COFFEE-ден» 30 теңге «Іле-Алатауы» ұлттық паркінің бірегей биосферасын қорғауға және сақтауға бағытталатын болады.
Осы акция үшін қазақ даласының мәдениетін бейнелейтін «Айбынды Тянь-Шань аюы», «Әсем қар барысы», «Сиверстің сирек алма ағашы» және «Құдіретті Орталық Азия бүркіті» арнайы стақандардың эксклюзивті дизайны әзірленді, олар Қазақстанның Қызыл кітабына енген басқа да жүздеген сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктер сияқты ерекше қорғауды қажет етеді.
Helios компаниясының ақпаратына сәйкес, бар болғаны 2 айда 200 мың кесе кофе сатылды.
Табиғатқа қамқорлық жасап, ортақ іске қосқан үлесі үшін «Іле-Алатауы» ұлттық паркі атынан Helios компаниясына алғысымызды білдіреміз және алдағы уақытта да ынтымақтастыққа үміттенеміз.