“Алатаудың тылсым әлемі” визит орталығы

№187 жалпы білім беретін мектептің 5– сынып оқушылары нағыз жабайы табиғатта саяхаттау, Іле-Алатауы МҰТП мен танысуды, «Алатаудың тылсым әлемі» атты визит орталығынан бастады. Ұлттық парктің эколог–ағартушысы С.Абилова оқушыларға өсімдіктер мен жануарлар әлемін таныстырып ұлттық парк жайлы ақпарат берді.