Аталған бес жылдық келісім БҰҰДБ бастамасымен Жахандық экологиялық қордың, Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министірлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің, Қырғызстан Республикасының табиғи ресурстар, экология және техникалық қадағалау министірліктерінің қолдауымен орман экожүйелері мен биоалуантүрлілікті, соның ішінде Қазақстандағы ілбіс популяциясын сақтау бойынша алты жылдық жобаның аясында жасалып отыр. Халықаралық ынтымақтастықтың мақсаты екі елдің төрт ерекше қорғалатын табиғи аумағы (ЕҚТА):Қазақстан Республикасының «Іле-Алатауы» МҰТП, «Алматы» МТҚ, «Көлсай көлдері» МҰТП және Қырғызстан Республикасының «Чон-Кемин» МТП шекарасында Солтүстік Тянь-Шань тауларындағы ілбістердіі олардың мекен ететін ареалын сақтау. Меморандум екі мемлекеттің ЕҚТА-на бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруге және ілбісті зерттеу, оны қорғауды, бақылауды күшейту, популяциясын қалпына келтіру, жыртқышты тұрақты қалпында ұстап тұру бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.