Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне 20 жыл

Құрметті Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркі ұжымы!
Сіздерді ұлттық парктің мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Табиғаттың баға жетпес байлығы саналатын паркімізді сақтап, болашақ ұрпаққа қалдырудағы қажырлы еңбектеріңіз үшін зор алғыс білдіреміз. Сіздердің қоршаған ортаны қорғау жолындағы қызметтеріңіз қоғам үшін үлкен маңызға ие. Осы айтулы күні дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Табиғат аясында әлі талай игі істерге бастамашы бола беріңіздер!

Ізгі тілекпен,
“Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі” РММ