Құрметті әріптестер, қадірлі достар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Орманшы күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің еңбектеріңіз табиғатты қорғауға және ортақ байлығымызды сақтауға қосқан баға жетпес үлес. Сіздердің арқаларыңызда ормандарымыз жасыл күйінде сақталып, табиғат байлықтары келешек ұрпаққа өз табиғи қалпында жеткізілуде.
Істеріңізге деген жауапкершілік пен кәсібіңізге деген адалдық ең үлкен алғысқа лайық. Еңбектеріңіз әрдайым қуаныш сыйлап, оның жемісі бүгін де, болашақта да айқын көріне берсін.
Сіздерге зор денсаулық, табыс және табиғатты қорғау жолындағы игі істеріңізде сәттіліктер тілеймін!
Құрметпен,
РММ «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі»
Бас директоры Айбек Сапарбекұлы Қонақбаев