Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің эколог-ағартушылары Медеу филиалы Үлкен Алматы орманшылығына «Еурзия аграрлық колледжі», орман шаруашылығы факультетінің студенттерімен Аюсай визит орталығында дәріс-сабақ өткізіп, «Проходной» шатқалында өсіп тұрған Емен ағаштарына экскурсия жасап, ағаштың қолданылуы, күтімі, көбейтілуі және орман шаруашылығына тигізетін пайдасы жайлы мәлімет алып, Емен ағашының ақжелкенін (желудь) жинап қайтты. Жануарлар дүниесін қорғау және дамыту бөлімінің жоспарлы биотехниялық шараларының бірін қолдау мақсатында ақжелкенді жинады. Ақ желкен қыс айларында жабайы шошқаларға қыстық қорек ретінде беріледі.