«27 қыркүйек – дүниежүзілік туризм күні»
1979 жылы Дүниежүзілік туристік ұйымның Бас ассамблеясы белгілеген Дүниежүзілік Туризм Күні жыл сайын әлемнің әртүрлі елдерінде атап өтіледі Бұл күн әлемнің кез келген нүктесінде «ашық есік» күні.
Дүние жүзілік Туризм күніне орай, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің «Экологиялық ағарту және туризм» бөлімінің мамандары Ақсай филиалы Қаскелең орманшылығына, Түрген филиалы, Түрген орманшылықтарындағы туристік соқпақтарға №188 мектеп-гимназиясы және Таутүрген негізгі орта мектебінің оқушыларымен экскурсия жүргізіп, орталық мекемеде «Орманды қорғау, молықтыру және қалпына келтіру» бөлімінің басшысы Р.Мұхамеджанованың қатысуымен дәріс-сабақ өткізілді. Оқушыларға қызықты әрі пайдалы ақпараттар берілді. Сонымен қатар оқушылар сурет сайысына қатысып, өз өнерлерін көрсетіп, сурет көрмесі ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – туризмді насихаттау, оның әлемдік қоғамдастық экономикасына қосқан үлесін көрсету, этносаралық қатынастар мен мәдени байланыстарды дамыту, отандық туризмді қолдау.