Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ағаш тұқымдары жиналуда

Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ағаш
тұқымдары жиналуда

Ұлттық парктің Ақсай, Талғар, Медеу, Түрген филиалдары Шренк шыршасының бүрлерін жинауға кірісті. Шырша бүрлерін жинау және оларды кептіру жұмыстары қатар жүргізілуде. Қазан айында тазаланған және кептірілген тұқым сақтау қоймаларына өткізіледі.
Сонымен қатар, ұлттық парк аумағында Сиверс алмасының, кәдімгі өріктің тұқымын жинау да қарқын алуда. Жылына жалпы 600 кг тұқым жинау жоспарланған, оның ішінде 380 кг – өрік тұқымы,100 кг – шырша бүрі, 120 кг алма тұқымы. Сиверс алмасының тұқымы толық жиналып біткендіктен арнайы тұқым сақтау қоймасына жеткізілуде.