Тауешкі лақтары

Таутеке – (Capra sibirica Pallas, 1766) мекен-жайы атына сай таулы-тасты жерлермен байланысты. Олар көбнесе теңіз деңгейінен 600-4000м биіктікте кездеседі. Жылма-жыл қардың түсуіне, ыстыққа, түрлі қансорғыштардың көбеюіне байланысты тау жоталарында бірде жоғары, бірде төмен түсіп, қоныстарын ауыстырып отырады. Олар мекендеген жерлеріне байланысты қазан-желтоқсан айларында күйге түсіп, алты ай буаз мерзімінен соң сәуір айының аяғы мен маусымның басында төл өргізеді. Көбнесе жалқы, кейде егіз лақтар да болады.(Беркінбай О., Есжанов Б.,Ташенов Б. Териология 2008.) Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында маусым-шілде айларында т.д. 3000 м биіктікте орнатылған фотоқақпанға тауешкі лақтарымен түсіп, мониторингтік бақылау жүргізілді. Ұлттық паркте жабайы жануарлардың көбеюін бақылау ұдайы жүргізіледі.
Іле-Алатау МҰТП ғ.қ Т.М Жапарқұлов