Өсімдіктерді клонды микрокөбейту зертханасы жұмысын бастады

Өсімдік жамылғысына бай Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында 2000-ға жуық өсімдік түрі өссе, оның ішінде 35 түр ҚР-ның Қызыл кітабына енген. Парк аумағында өсетін өсімдіктердің барлығы дерлік шаруашылық маңызға ие. Жойылу қаупі төніп тұрған есімдіктер қорын молайту мақсатында, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің келісімімен, Өсімдіктерді клонды микрокөбейту зертханасы жұмысын бастады. ҒЗЖ және ТАБӘ бөлімінің мамандары парк аумағынан керекті өсімдіктердің материалын жинап, in vitro-ға енгізу жұмыстарын жүргізуде.