Құрметті келушілер мен туристер!
01.07.2024 жылғы Алматы облысының төтенше жағдайларды алдын алу жөніндегі комиссиясының №6 хаттамасының 1.3.5-тармағын орындау мақсатында, 2024 жылғы сел қаупі бар кезеңде Түрген-Батан-Ассы обсерваториясы автомобиль тас жолында 7-26 км-ден бастап төтенше жағдайларды алдын алу мақсатында, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі келесі шараларды қабылдайды:
2024 жылғы 03 шілдеден бастап Іле-Алатауы МҰТП Түрген филиалының экологиялық бекеті арқылы демалушылар мен туристер үшін жол жүру шектеледі.
Тек мүдделі мемлекеттік қызметтерге жол жүруге рұқсат етіледі.
Барлықтарыңыздан осы шараға түсіністікпен қарауды сұраймыз.