Ұлттық паркте от жаққандарға 100 АЕК айыппұл салынады!

Құрметті қала қонақтарымен тұрғындары!
Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі республикалық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 17 маусымдағы 102 – н/қ бұйрығына қосымша 105-н/қ 21.06.2024 жылғы бұйрығының 4 пунктіне сәйкес ҰЛТТЫҚ ПАРКТІҢ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ТУРИСТІК АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ СТАЦИОНАРЛЫҚ ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫНДА, ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА ҰЗАҚ ЖӘНЕ ҚЫСҚА МЕРЗІМГЕ ЖАЛҒА АЛУШЫЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ФИЛИАЛДАР БОЙЫНША АРНАЙЫ БЕЛГІЛЕНГЕН 110 ОТ ЖАҒАТЫН ОРЫНДАРДАН БАСҚА ОРМАН ҚОРЫ ЖЕРЛЕРІНЕ ТАМАҚ ПІСІРУГЕ, ОТ ЖАҒУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 367–бабының 3-тармағы бойынша ормандарда, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелерді бұзғаны үшін жеке тұлғаларға 100 АЕК, лауазымды тұлғаларға, шағын бизнес субъектілеріне 250 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпорындар үшін – 400 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін – 1500 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген.