18.06.2024 жылы ҒЗЖ және ТАБӘ бөлімінің басшысы Усербаева С.А. және ҒЗЖ және ТАБӘ бөлімінің кіші ғылыми қызметкері Ануарбек С.Б. Ақсай филиалы Қаскелең орманшылығында атқарылып жатқан жұмыстарымен, мемлекеттік инспекторларының күнделік жүргізу тәртібінің талапқа сай орындалуына тексеру және түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тексеру барысында инспекторлар жүргізетін мониторингтік жұмыстар барысында алынған мәліметтерді күнделікке дұрыс толтыруы қаралып, бірқатар ескертулер жасалынды. Сонымен қатар орман қорын молайту мақсатында жұмыс жасайтын питомниктердегі екпелі көшеттік шыршаның 4 жылдық және биылғы жылы себілген шырша тұқымдарының сеппесінің өсу көрсеткіштерін бағалады.