«Су анасы – Бұлақ», «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген нақыл сөздер саналы ұрпаққа атадан мәңгі тәрбиелік өнегелі іске баулитын сөздер. Тау шатқалдарындағы арыны қатты тау өзендері бастауын мұздықтар мен қатар жер астынан шығатын су көздерінен алады. Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі – өз аумағында «Парктер шеруі» акциясы аясында бұлақтардың көзін ашып, айналасын тазартып, маңайында бір сәт тынығып демалу үшін арнайы орындықтар орналастыру, шатқал мен жер жағдайына қарай атау беру, оған тұрақты тазалық жұмыстарын жүргізу т.б жұмыс жоспарына енгізіліп қолға алынуда. Сондай атқарылатын жұмыстардың бірі – Ақсай филиалы, Қаскелең орманшылығы, «Неке» сайында ұлттық парктің эколог-ағартушылары, №188 мектеп гимназиясының оқушылары мен «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» студенттерінің қатысуымен жүзеге асырылды. Оқушылар тұқымбақтағы күтім жұмыстарымен танысып, тазалық жұмыстарын жүргізіп бұлақтардың көзін ашуға ат салысты.