1 – сәуір – Халықаралық құстар күні. Бұл күн сонау 1906 жылдан, құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенцияда жариялағаннан бері аталып келеді.
Біздің еліміз құстарға бай. Сондықтанда біз оларды қорғап пайдалана білуіміз керек. Құстардың еті тамақ болса, мамық қауырсыны киім, көрпе жастық болады. Енді біраз құстар орман, жер зиянкестерімен қоректеніп ауылшаруашылығына пайдасын тигізеді. Талай сазгер құстардың үнін әуенге қосса, талай ақындар құстар туралы тамаша жырлар жазған. Еліміздің көк байрағында да қыран құс қалықтайды. Астана төріндегі «Бәйтерек» самұрық құс пен алып жұмыртқа да құспен байланысты.
«Іле-Алатауы МҰТП» нің, Медеу филиалы, Ақ қайың шатқалында, «Рахым Сәрсенбин атындағы №192 ЖББМ», №197 негізгі орта мектептердің оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен, «Парктер шеруі» экологиялық табиғат қорғау акциясы аясында «Қанатты достарымызды қарсы алайық» атты дәстүрлі іс-шара өтті. Мерекенің мақсатын көрсететін плакаттар жасалып, ұлттық парк қызметкерлерімен бірге құстарға арнап жасанды ұялар ілінді, «Құстар біздің досымыз» атты ұранмен оқушылар өлең жолдарын оқыды. Іс-шараға белсене қатысқан оқушыларға сыйлықтар табысталып, «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасына сұхбат берілді.
Іс-шараның мақсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кетуінен хабардар ету, олардың құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту.