Іле – Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі «Парктер шеруі-2024» халықаралық табиғат қорғау акциясы Медеу филиалы, Үлкен Алматы орманшылығы, “Аюсай визит орталығында” шерудің салтанатты ашылу іс шарасы өткізілді.
Шеруге ұлттық парк қызметкерлері және мектеп орманшылығының оқушылары, еріктілер, ұлттық парк демалушылары, еріктілер, студенттердің қатысуымен өтті. Өткізілген іс – шарада құттықтау сөздер айтылып, оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, ойындар ойнатылып, викториналық сұрақтар қойылды. Белсене қатысқан қатысушыларға сыйлықтар тапсырылды.
«Парктер шеруі- 2024» халықаралық табиғат қорғау акциясының негізгі мақсаты келешек ұрпақты табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеп, ерекше қорғалатын табиғат аумағы жайында мағлұмат беру.