Қыс мезгілінде, табиғи жемнің жоқтығынан Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркінің қызметкерлері жабайы жануарларды азықтандыру үшін биотехникалық іс-шаралар өткізеді.
Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту бөлімінің 2023-2024 жылдарға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Ұлттық парктің инспекторлары азықтандыру алаңдарының орындарында астық жем, желеңді төсеу жұмыстарын жүргізді. Бұл жабайы жануарларды (қабанды) тамақтандыру кезінде фототұзаққа түсуіне мүмкіндік берді.