Қотырбұлақ орманшылығы, «Тіксай» шатқалында «Табиғатқа өмір сүруге көмектес!» атты экологиялық акция өткізілді. Экологиялық акцияға Ю. Гагарин атындағы мамандандырылған лицейдің, Дикольчук Зоряна Мирославовнаның жетекшілігімен «Росток» мектеп орманшылығы оқушыларының 5 және 6 сынып оқушылары белсенді қатысты.
«Іле – Алатауы МҰТП» Талғар филиалының эколог-ағартушысы А. Шалғынбаевамен бірлесіп, лицей оқушылары ұлттық паркте мекен ететін аңдарды қыста тамақтандыру үшін жаңғақ жинады. Жас экологтар табиғат аясында плакаттарға сурет салып, күзгі жапырақтар мен жаңғақтардан қолөнер бұйымдарын жасады. Ұлттық паркте мекен ететін аңдарға азық дайындауға көмек көрсету бұл жас экологтар үшін дәстүрге айналды. Балалар табиғат аясында қуана-қуана жұмыс істеді, таулардың таңғажайып пейзаждарын, күздің түрлі-түсті түстерін тамашалады, ойындар ойнап, экологиялық викторина сұрақтарына жауап берді. Оқушылар акция барысында көптеген жақсы эмоцияларға ие болды, табиғат энергиясымен алып, енді оқу процесін жаңа күштермен жалғастырмақ.
Мұндай экологиялық акциялар әр адамның бізді қоршап тұрған әлем үшін жауапкершілік сезімін дамытуға көмектеседі және жас ұрпақта жауапкершілік пен патриотизм сезімін тәрбиелеуге көмектеседі.